2022 жылы 2 желтоқсан күні «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-нің әлеуметтік педагогі Явленка ауданы орталық аурухана мамандарымен бірлесіп колледжінің қыздарына арналған «Рухани-адамгершілік денсаулықты нығайту тәсілі ретінде жыныстық тәрбиенің алдын алу» атты семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы туралы идеяны қалыптастыру, ерте жыныстық қатынастардың салдары және венерологиялық аурулардың алдын алу сияқты мәселелер қозғалды, отбасындағы жыныстық тәрбиенің маңыздылығын, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынас, өзара түсіністік туралы тағы да еске салды. Іс шараның соңында «Нәзік тақырыптан тартынбаңыз, қамқор және мұқият болыңыз, өйткені ерте жүктіліктің ең жақсы алдын-алу - оның ескертуі» деп, бейне-фильм көрсетіліп, қыздарды әсем өмір сүруге, жақсылыққа шақырды.
![](/public/sova_sko_esk/files/2022/12/2/021222_164729_img0032.JPG)
![](/public/sova_sko_esk/files/2022/12/2/021222_164741_img0034.JPG)
![](/public/sova_sko_esk/files/2022/12/2/021222_164752_img0036.JPG)
![](/public/sova_sko_esk/files/2022/12/2/021222_164802_img0042.JPG)